jasqazaq.kz

15-16 жастағы екі қыз үйлерінен қашып, Алматыдағы метроға түнеп шыққан

10 шiлде 2020, 16:06

Алматы облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған екі қыздың жылдам тапты.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғалған қыздар Алматыда серуендеу мақсатында ата-аналарына ескертпей, үйлерінен қашып кеткені белгілі болды. 7 шілде күні Жамбыл ауданының полициясына жоғалған қыздардың бірінің анасы келіп, оның 15 жасар қызын тауып беруге көмек сұраған. Жасөспірім 6 шілде күні кешке белгісіз бағытта үйден шығып, қайтып оралмаған. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шаралары барысында із-түссіз жоғалған қызды 16 жасар құрбысының қасында жүргенін және құрбысының да үйінде жоқ екенін анықтаған. Із кесушілер сол күні-ақ құрбылардың Алматы қаласындағы мекенжайын шұғыл белгілеп, ювеналды полиция инспекторымен бірлесіп, жедел уәкілдер қыздарды аман-есен ата-аналарына қайтарды. Үйлерінен шыққан олардың Алматы қаласына таксимен жеткені, метроға түнеп шыққаны белгілі болды. Келесі күні Арбат маңында серуендеп, кешке пәтер жалдау үшін вокзалға келген қос құрбыны тәртіп сақшылары күтіп алған. Ал, олар қалада қыдыру үшін үйлерінен қашып кеткенін айтқан. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігіне сәйкес ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы әкімшілік материал жасалды, ал кәмелетке толмағандардың өздері профилактикалық есепке алынды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде