jasqazaq.kz

15 000 ШАҚЫРЫМ,БІР ЖАРЫМ РАУНД…

25 сәуiр 2016, 11:58

Достарым! Өткенде өздеріңе Лос — Анжелесте өтетін Головкин — Уэйд шайқасына кетіп бара жатқанымды хабарлаған едім ғой… Енді сол шайқас туралы қысқаша есеп берейін. Кеңірек,амандық болса, келген соң жазармын. Шайқас,өздеріңіз көрген боларсыздар,шайқас болмады. «Той той болмады,бала-шаға жеп кетті» деуші ме еді біздің қу тілді жігіттер, дәл солай болды.

Бұл жерде айтар нәрсе біреу-ақ; Головкин секілді табиғатынан талантты боксшыға бірі бірінен өткен қарсылас таңдау керек қой! Болмаса, Уэйдтің орнына өзіміздің-ақ жүректілеу бір жігітіміз шығып,екінші раундта құлап түссе де 500 000$ алса оның несі қызық?! Жарайды,бұл ұзақ әңгіме. Генаның жеңіп, Қазақстанның атағы асқақтағанына риясыз қуанамыз. Бірақ сонау Қазақстаннан Мәскеу арқылы 15 000 шақырым жер ұшып келгенде бір жарым-ақ раунд көргеніміз обалдау болды. Құмарымыз қанбай қалды. Генамыз Доминикті де, бізді де аямады…  Лос — Анжелестен әзірге көргенім осы бокс қана. Ия, рингтегі тарғыл дауыспен айғайлап-ақ миллион доллар тауып жүрген

2

Майкл Баффермен суретке түсу бақытына ие болдым. Мақтанғаным емес, оған жүгірушілер көп болды, бірақ ол; «Мен Қазақстан азаматымен ғана түсемін!» деп ашып айтты. Бұл да Головкиннің елімізге әперген абыройы. Ал, Анжелестің өзге кереметтеріне енді кетіп барамын. Бұйыртса,Голливудтың да бірер жұлдызымен жолығып қалармын… Одан ары Лас-Вегас! Сонау жер түбіне келген соң Генаның басты қарсыласы мексикалық Альварестің пакистан-ағылшын жігіті Амир ханмен жекпе-жегін көре кетейін. Ол да бір айта жүретін шайқас болуға тиіс…

Несіп Жүнісбаев

Facebook

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі