jasqazaq.kz

143 оқушы алтын ұямен қоштасты

25 мамыр 2022, 17:11


Бүгін республиканың түкпір-түкпіріндегі білім ұяларында соңғы қоңырау үні сыңғырлап, шәкірттерін үлкен өмірге қанаттандырып отыр. Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 143 оқушы 12-сыныпты тәмамдап, алтын ұя-мектебімен қоштасты.

–Бүгін алтын ұямен қоштасып отырған мектептің сегізінші түлектері көптеген жетістіктерге жетті. Оларға шет елдің 39 үздік оқу орнынан 18 толықтай және жартылай тегін білім алуға жолдама келді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар — мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі» дей келе, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Егеменді еліміздің ертеңі үшін білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру мақсатында ата-ана мен мектеп ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді, – деді мектеп директоры Индира Исмаилова.

2021-2022 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5 оқушысы «Елбасы медалі» иегері атанып, республикалық «Жас геолог» олимпиадасына қатысқан 5 оқушы халықаралық кезеңге жолдама алған. Ал, Президенттік олимпиададан – 2, жасөспірімдер арасында өткен жаратылыстану-математика бағытындағы сайыста 2 оқушы жүлделі орыннан көрінген. Сондай-ақ, Әл-Фараби ғылыми байқаулар конкурсында 15 жоба жеңімпаз атанып, республикалық астрономия олимпиадасына қатысқан 5 оқушының екеуі халықаралық кезеңге жолдама алып отыр. Осындай елеулі жетістіктердің нәтижесінде НЗМ биыл республика бойынша «Үздік олимпиадалық команда» номинациясын иеленіп отыр.

Салтанатты шараға қатысқан Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов түлектерге ақ жол тіледі.

–Мектеп қабырғасында 12 жыл бойы сапалы білім мен саналы тәрбие алып, үлкен азамат болып қалыптастыңыздар! Осынау қуанышты сәттерде ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыз, жалпы бүкіл еліміз Сіздерге ақ жол тілейді! Тәуелсіз Қазақстан асқақ мақсаттарға қол жеткізуі үшін әрқайсысыңыз әрі қарай сапалы білім алып, халыққа, Қазақ Еліне адал қызмет етесіздер деп сенім білдіреміз, — деді Бахадыр Мәдәліұлы.

Салтанатты жиын концерттік шараға ұласты.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр