jasqazaq.kz

14 жыл бұрын жоғалып кеткен өзбекстандық әйел Нұр-Сұлтаннан табылды

08 сәуiр 2022, 16:00

Елорда аумағында полиия қызметкерлері рейд шараларын жүргізу барысында Өзбекстан Республикасының 39 жастағы азаматшасын тапты. Көрші республикада тұратын туысқандары оны 2008 жылдан бері іздеп жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйелдің айтуынша, ол Алматы қаласына ақша табуға келген. Содан кейін ұзақ уақыт бойы Шымкент пен Қызылордада жұмыс істеген. Айтуынша, құжаттарын жоғалтып алып, туыстарымен байланысқа шыға алмаған. Осы жылдар аралығында әйел әртүрлі жұмыс істеген. Үй қызметшісі, кеңселер мен дәмханаларда тазалықшы болған. 2021 жылғы шілдеден бастап Нұр-Сұлтан қаласында жалдамалы пәтерлерде тұрған. Қазіргі уақытта көші-қон қызметінің қызметкерлері Өзбекстан азаматшасына уақытша құжат жасап берді.

Енді әйел бір ай ішінде Қазақстаннан еш кедергісіз шығып, отанына орала алады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде