jasqazaq.kz

14 жастағы жасөспірім үйленетін болды

21 маусым 2018, 15:35

Оңтүстік Қазақстан облысында сотталып кете жаздаған 16 жасар жасөспірім ақыры 14 жастағы қызға үйленетін болды. Бұл туралы облыстық кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қанатбек Қоңырбаев мәлімдеді. 

otyrar.kz  хабарлағандай,  сот төрағасының айтуынша жасөспірімнің қылмыстық ісі сотта қаралып, кейін қысқартылып кеткен. «Сот отырысында жәбірленуші қыз бала айыпталушы жігітке ешқандай кінә артпайтынын айтты. Жігіттің ерсі қылығын кешірді. Жуырда сол азаматқа тұрмысқа шығатынын да мәлімдеді. Яғни, қос тараптың келісімі негізінде іс қысқартылды», – деді Қанатбек Қоңырбаев.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде кәмелеттік жасқа толмаған 14 жастағы қыз бала мен 16 жастағы жасөспірімнің жақындасқаны туралы ақпарат тараған еді. Соның салдарынан мектеп оқушысы жүкті болып, оны ата-анасы біліп қойған болатын. Сөйтіп сотқа талап-арыз түсірген.
Жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалып, қылмыстық іс сотта қаралған. Алайда жәбірленуші тараптың кешірім беруіне байланысты ол қылмыстық жазадан босатылды. Енді 16 жастағы жасөспірім туыстары «зорлық көрсетті» деп айыптаған қызға құда түспекші.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде