jasqazaq.kz

14 жастағы оқушы жоғалып кетті (видео)

08 маусым 2021, 9:37

Түркістан облысы Жетісай ауданында 14 жастағы мектеп оқушысы Таған Әсия із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы «Астана» телеарнасы және Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Жасөспірім 4 маусымда түскі астан кейін үйінен шығып, оралмаған. Қыздың ата-анасы полицияға өтініш берген. Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын бастаған, бірақ әлі нәтиже жоқ.

Биыл Әсия сегізінші сыныпты бітірген. Оның екі әпкесі және алты ағасы бар. Анасының айтуынша, ол бұрын қызының оғаш әрекеттерін байқамаған.

«Өңірдің барлық тұрғындары мен қонақтарынан жоғалып кеткен қызыды табуға көмектесуді сұраймыз», — деді Түркістан облысы ПД өкілі. Мектеп оқушысы сол күні ақ жейде, қара шалбар және қара түсті аяқ киім киіп шыққан. Samsung Galaxy J2 маркалы телефоны болған.

Жасөспірім туралы ақпарат білетіндер болса 8 (72534) 6-70-20 немесе 102 нөміріне қоңырау шалып, хабарлай алады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде