
Шығыс Қазақстан облысында 14 жасқа толмаған екі қыз маскүнемдер ретінде тіркеуге алынған. Бұл туралы altaynews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда өңірдегі ішімдікке әуес әйелдердің 923-і 35-44 жастағы келіншектер болып шыққан. Ал олардың 335-і алпыстан асқан қариялар екені анықталған екен.
Облыстық диспансердің ақпараты бойынша аймақта ішімдікке әуес 3076 әйел тіркеуде тұр. Ал араққа салынған әйелдер Семейде, Өскемен мен Риддерде, сондай-ақ, Шемонайха өңірлерінде көп болып шыққан.
Диспансердің бас дәрігері Хабдылманап Смағұлов өткен жылға қарағанда биыл маскүнем әйелдердің саны 10,1% -ға азайғанын айтады.