jasqazaq.kz

14 жасқа толмаған балаларды мекенжай бойынша тіркеу міндетті емес

04 наурыз 2020, 22:09

Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон қызметі басқармасының мамандары жыл басынан бері 4 мыңнан астам адамды тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде екі айда тұрғылықты мекенжайы бойынша 4210 адам тіркелген. Оның 679-ы, оның ішінде балалар бар, уақытша тіркеуге тұрған. Ал 22 ақпаннан бастап Қазақстанның көші-қон заңнамасына өзгерістер енді. Бұдан былай 14 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеудің қажеті жоқ. «Енгізілген өзгерістерге сай енді 14 жасқа толғаннан кейін ғана бала тұрғылықты мекенжайы бойынша, уақытша тұратын жері бойынша тіркеуге алынады. ҚР Азаматтық Кодекстің 16 бабына сәйкес 14 жасқа толмағандардың немесе қамқорлықтағы тұлғалардың тұратын жері болып олардың заңды өкілдерінің мекенжайы есептеледі», — деді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілев. Мамандардың айтуынша, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар Азаматтық Кодексті негізге ала отырып, мемлекеттік қызмет көрсету барысында баланың мекенжайын көрсету үшін ақпараттық жүйеден ата-анасының бірінің тіркелгендігі жөніндегі мәліметті алуы тиіс.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі