jasqazaq.kz

14 жасар оқушы 5 тілде сөйлейді (видео)

22 ақпан 2021, 13:52


Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның 8-сынып оқушысы Зада Аяла қазақ, орыс, ағылшын, неміс, қытай тілдерінде сөйлей алады. Бұл туралы jasqazaq.kz ақпарат агенттігі  Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар ол фортепианода жақсы ойнап, лингвистикалық интерференцияның екі шет тілін үйренудегі конструктивті және деструктивті жақтарына арналған ғылыми жоба жазып жүр. Дарынды қыздың тіл үйренуге деген қызығушылығы кішкентай кезінен бастап оянған.

— Қазір жастар көп тілді білуі керек. Білімді болсаң ғана мақсатыңа жетесің, туған еліңді әлемге таныта аласың. Анам ағылшын тілі пәнінен студенттерге сабақ береді, әкем спорт саласында. Кейде отбасымызда анаммен ағылшын тілінде де сөйлесеміз. Қазір неміс тілінен олимпиадаға дайындалып жүрмін. Әлемде ағылшын, қытай тілдерінде сөйлеушілердің саны артуда. Сондықтан осы тілдерді меңгеріп ғана қоймай әрі зерттеу керек,- дейді Зада Аяла.

Талантты шәкірт көп тілді үйрену қиын деген пікірмен келіспейді.
— Егер алдыңа мақсат қойсаң ол мақсатың жолында барлық кедергілерді жеңе білуің керек. Есте сақтау қабілетің арттыру үшін арнайы жаттығулар жасауға кеңес беремін.Тілді үйренудің жолы көп. Өзім оқу орталықтарына барып ғана қоймай, түрлі тілдерде фильм көріп, ән тыңдағанды ұнатамын. Интернетте тіл үйренушілерге арналған түрлі онлайн сабақтар да бар. Қытай тілі — қиын тілдердің бірі. Сондықтан қытай тілімді қазіргі таңда тереңірек үйреніп жүрмін. Отбасымызда әпкем Алуа да төрт тілді біледі.

Дарынды шәкірттің ұстазы Шамшырақ Қыдырбаеваның айтуынша, Аяла 7-сыныпта оқи жүріп, 9-сыныптың атынан олимпиадаға қатысып жүлделі 3-орынға ие болған.

— Отыз жылдан бері білім саласында жұмыс істеймін. Осы уақыт аралығында қаншама мықты шәкірттерді дайындап шығардық. Аяла секілді талантты шәкірттермен жұмыс жасау бала тәрбиелеуге жігер береді. Оның бойындағы өмірге деген құштарлық, жаңа нәрсені ұғынуға талпыну әр балаға үлгі болуы керек, — дейді Шамшырақ Бекеновна.

Айта кетерлігі, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия 2020 жылы Павлодар облысының ең үздік мектебі атанып, облыс әкімінің грантына ие болды. Білім ордасы республикалық Абай мектебінің Павлодар облысындағы желілік мектебі болып табылады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия