jasqazaq.kz

«14 миллион теңге»: Қызылордада қаржы жымқырған аурухана есепшілері сотталды

06 маусым 2022, 14:23

Қаржылық монтиторингтің айтуынша Қызылордада бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, аурухана есепшілері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz.

“2015-2019 жылдар аралығында Жаңақорған аудандық ауруханасының есепшілері өзара келісіп, іссапар шығынын жасап, түскен ақшаны қолма-қол алатындай жоспар құрған. Олар құжатты рәсімдеп, ауруханадан банкомат арқылы түскен ақшаны аударып, шығарып алуға келісетін адам тауып, сол арқылы мемлекет қаражатын ірі көлемде жымқырған”,- делінген хабарламада.

Нәтижесінде Жаңақорған ауданаралық ауруханасына 14 миллион теңгеден астам залал келтірілгені анықталды.

Сот аудандық ауруханада әр жылдарды қызмет атқарған М.Сатыбалдиева мен З.Шомантаеваны кінәлі деп танып, есепшілік және материалдық жауапкершілік жүктелетін қызметтер атқару құқығынан 2 жыл мерзімге шектеп, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Үшінші адам М.Бурисбаевтың 2 жылға бас бостандығы шектелді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде