jasqazaq.kz

14 ақпаннан бастап елордалық оқушылар дәстүрлі форматта оқиды

10 ақпан 2022, 15:53

Жыл басынан бері елордада 6 мыңға жуық оқушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

«Жыл басынан бері оқушылар арасында 5 929 жағдай тіркелді. Оның ішінде 365 бала оффлайн, 3 346 бала онлайн оқу кезінде ауырып қалса, 2 219 бала демалыста жүрген кезінде коронавирусқа шалдыққан», — деді Сархат Бейсенова елорда әкімдігінде ұйымдастырылған брифинг барысында.

Сонымен қатар бас санитар дәрігер 14 ақпаннан бастап елордалық барлық оқушы оффлайн форматта оқитынын атап өтті.

«Мектеп жасындағы балалар арасындағы аурушаңдыққа және оның жеңіл әрі орташа деңгейде өтетіндігіне сараптама жасай отырып, ведомствоаралық коммиссияның шешімі негізінде ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері осы жылдың 9 ақпанында 14 ақпаннан бастап барлық сынып оқушыларын оқудың дәстүрлі форматына ауыстыру туралы №8 қаулысын шығарды», — деді ол.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде