jasqazaq.kz

136 тұрғын үй қалпына келтірілді

03 шiлде 2019, 16:03

2019 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша Түркістан облысы Арыс қаласында 136 тұрғын үй қалпына келтірілді. Тағы 571 үйде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. Арыс қаласындағы үйлердің 85 пайызы жөндеуді қажет етеді, ал қалада жұмыс істейтін құрылыс компанияларының саны 118-ге дейін артты. Бүгінде тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша ауқымды іс-шараға 1546 құрылысшылар қатысып, 86 арнайы техника тартылды. Еске сала кетейік, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев бастаған жұмыс тобы қазір Арыс қаласында жүр. Жақында ол Арыс қаласындағы барлық үйлерді бақылауға алатынын және күнделікті мониторингте ұстайтынын хабарлады. Қалада барлық бұзылған инфрақұрылымды — инженерлік коммуникациялар мен жолдарды қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа Үкімет резервінен қаражат бөлінді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда