jasqazaq.kz

130 университеттің 20-сы жабылуы мүмкін

10 ақпан 2020, 18:03

Елімізде 130 ЖОО бар, олардың саны қысқаруы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЖОО Ассоциациялар президенті Рахман Алшанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мысалы, машина жасау мамандығына 1000 грант береді, ал керегі — 200 болуы мүмкін. Бұл жерде бәрі қандай мамандық қажет екеніне байланысты. Әр саланың ерекшелігін, сұранысқа ие екенін ескере келе, 130 ЖОО-ның 15-20-сы қысқаруы немесе жабылуы мүмкін», — дейді Рахман Алшанов. Сондай-ақ, ҚР ЖОО Ректорлар кеңесі төрағасы Ерлан Сыдықов студенттер саны қысқармайтынын айтты. «Студенттердің саны қысқармайды. Жоғары білім алғысы келетін, соған ынталы азаматтардың көп болуы еліміздің болашағы үшін маңызды. Ежелден қазақ қоғамында баласын оқытуға, оның білімін шыңдауға ынта жоғары болған. Бұл ынтаны біз пайдалануымыз керек, сондықтан бұл жерде студенттерді қысқарту мәселесі жоқ. Біз тек талапқа сай емес жоғары оқу орындарын қысқарту бойынша ұсыныстар беруіміз шарт», — дейді ол.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия