jasqazaq.kz

13 жыл бұрын өлген ағасының атынан жәрдемақы алып келген

27 қараша 2021, 12:19

Қарағадыда 13 жыл бұрын бақилық болған ағасының атынан жәрдемақы алып келген алаяқ ұсталды. Ол тіпті марқұмға ұқсайтын адамды нотариусқа апарып, жәрдемақы алуға өз атына сенімхат мерзімін ұзартып жүрген. Бұл туралы КТК телеарнасы.

Бұл азаматтың мүгедек бауыры осыдан 13 жыл бұрын дүниеден озыпты. Бірақ марқұмды жерлеген соң, бұл отбасы тиісті органдарға өлім жөніндегі ақпаратты бермеген. Марқұмға тиесілі әлеуметтік жәрдемақыны алаңсыз алып жүре берпіті. Тіпті оның атынан берілген сенімхат мерзімі аяқталғанда, бауырына ұқсас адамды нотариусқа апарып, құжаттың мерзімін создырып алады екен. Қылмысы әшкере болған азаматтың мемлекетке 5 миллион теңгеге жуық шығын келтіргені анықталды. Дегенмен ол қаржыны толық қайтарып, темір тордан аман қалды.

Зарина Құсманова, Қарағанды облысы экономикалық қылмыстарға қарсы департаментінің ресми өкілі:

— Қазыбек би ауданы сотының шешімімен Қасенов үш жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды. Осы мерзім ішінде ол пробациялық бақылауда болады. Сот шешімімен отбасының қалған мүшелері куәгер ретінде танылды. Өйткені аталған азамат оларды жәрдемақының тоқтатылмауы заңға сейкес деп алдап келіпті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде