jasqazaq.kz

13 жастағы жапон қызы Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды

26 шiлде 2021, 14:30

Олимпиада тарихында алғаш рет скейтбординтен жарыс өткізілді. Сайыс нәтижесінде 13 жастағы Нишия Момиджи әлемнің ең жас олимпиада чемпионы атанды деп хабарлайды olympics.com.

Олимпиадада көше скейтборды бойынша әйелдер арасындағы алғашқы жарыста екі ең кішкентай қатысушы алтын мен күмісті өзара бөлісіп алды. Алтын медаль иегері Нишия Момиджи Олимпиада тарихында 15,26 нәтижесімен өз атын қалдырды. Оның соңғы үш жүгірісі (4.15, 4.66 және 3.43) жеңіс тұғырынан бірінші орын алу үшін жеткілікті болды Екінші орынға бразилиялық Райсса Леал жайғасты. Оның да жасы 13-те. Сондай-ақ 16 жастағы Накаяму Фуну үздік үштікке кірген.

Әлем чемпионатының қола жүлдесін еншілеген Скай Браун Олимпиадаға іріктеліп алынған және құрама тарихындағы ең жас қатысушы болған. Скай Браун британиялық азамат пен жапониялық азаматшаның отбасында өмірге келген. Олар ұзақ уақыт бойы Жапонияда тұрған. Кейінірек, спорттың экстремалды түрімен айналысуға мүмкіндік көп АҚШ-қа көшкен. Скайдың ата-анасы бастапқыда қыздарының Жапония атынан сайысқа түскенін қалаған. Алайда ақыр соңында таңдау Ұлыбритания құрамасына түскен. Айтуынша, мұнда Скайға толық еркіндік берілген.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия