jasqazaq.kz

13 жастағы қызды тепкілеп тастаған кім? (видео)

26 ақпан 2021, 11:43


Павлодарда ер адам көшеде 13 жастағы қыз баланы тепкілеп тастады. Оқиға қаланың орталық көшелерінің бірінде болған. Ер адам оны қуып барып, құлатып, ұрып, теуіп жатқаны сол маңдағы дүкеннің бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Алайда, көпшіліктің көзінше жасөспірім соққыға жығылса да, ешкім оған араша болмаған. Ал оқушы қыздың анасы оқиға туралы «Астана» телеарнасының журналистеріне айтып берді.

Оның айтуынша, ер адам 13 жастағы қызды басқа қызбен шатастырып алған.

«Дүкенде үш қыз тұрған. Қыздардың біреуі онымен сөзге келіп қалып, ер адамға «мал» деп айтқан. Ер адам бұл сөзді менің қызым айтты деп ойлап, оған тап беріпті. Осы сәтте ол дүкеннен қашып шыққан. Кейін қылмысын жасыру үшін ер адамның әйелі менің қызыма екі мың теңге беріпті. Күні бойы күттік. Тіпті, кешірім де сұраған жоқ. Енді лайық жазасын алуын сұраймын», — дейді оқушы қыздың анасы.

Телеарна мәліметінше, аты-жөнін атамауды сұраған әйел адамның сөзінше, қызы түрлі дене жарақатын алған. Қолы мен аяғы көгеріп, арқасы ауырсынып қалған. Тәртіп сақшылары күдіктіні тапқан. Ол кінәсін мойындаған. Полиция оның қылмысы дәлелденсе, екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе 2 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелмек. Әзірше бұл дерек бойынша арнайы сараптама жасалып, тексеруге жөнелтілген.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия