jasqazaq.kz

13 жастағы қыз 10 жасар баладан жүкті болып қалған

16 қантар 2020, 15:29

Ресейдің Красноярск өңіріндегі қаланың бірінде 13 жастағы қыз 10 жасар баладан жүкті болған. Бұл туралы «Комсомольская правда» өз дерек көзіне сілтеме жасап, мақала жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Балалар бөлек мектепте оқиды (қыз 7-сыныпта, ұл 4-ші сыныпта оқиды). Әлеуметтік желіде екеуінің аккаунтында «Азаматтық некеде» деп те көрсетіліп қойған.

«Қыздың жүкті болғанына — 7 апта», — дейді дереккөз.
Полиция бұл оқиғадан хабардар, қазір тексеру жүргізіп жатыр.

«Іс өте күмәнді, 50/50. Теориялық тұрғыдан алғанда, бұл әбден мүмкін нәрсе. Өйткені қыз — 13 жаста, ұл – 10 жаста, екеуі де репродуктивті жасқа енеді. Бірақ интуитивті түрде, мен мынаны айта аламын, өйткені бұл жайттан нақты хабарым жоқ, дегенмен, меніңше, баланы жай «көрсетіп жіберген», ал шынында бұған кінәлі мүлде бөлек біреу болуы ықтимал. Оны «осылай айт» деп мәжбүрлеуі әбден мүмкін ғой. Өйткені, балаға сот жоқ, оны ешкім жазаламайды бұл үшін. Бірақ мұның бәрін, әрине, сараптама арқылы оп-оңай анықтауға болады, солай жасалады да деп ойлаймын. Қарапайым тест бала ұрығының қабілеттілігін анықтап бере алады. Ал генетикалық сараптама баланың әкесі кім екенін нақты аша алады. Сол кезде бәрі өз орнына келеді. Әрине, бұл өте алаңдатарлық жағдай, дегенмен бәрін сараптама көрсетеді, сол кезде бұдан қандай да бір қорытынды жасауға болады», — дейді педиатр Николай Скоробогатов.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия