jasqazaq.kz

13 жастағы екі қызды зорлағанын видеоға түсірген

25 қыркүйек 2019, 18:12

Алматылық азамат 13 жасар екі қызды үш ай бойы зорлады, мұны видеоға түсіріп, қоқан-лоқы жасаған. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Күдікті 35 жаста. Ол қыздарды зорлап, оларды түсірілген видеолармен бопсалаған. Бұл туралы ересектер білген соң, алдымен отбасын қорқытып, сосын Қырғызстанға қашуға тырысты. Аталған жайт Алматыдағы еріктілер қозғалысы тобында жарияланды.

«Үш ай бойында беті жасырылған ер адам 13 жастағы екі қызды зорлады. Үнемі қорқытып, азғындық әрекетін видеоға түсіріп келді. Қыздардың бірінің шыдамы кеше кешке аяқталды. Ол осы қасіретті өзінің ағасына айтып берді.

Оқиға полицияға хабарланды. Қыздардың бәрін туыстарына айтқанын білген ер адам отбасына қорқыта бастады. Оның айтуы бойынша, оның ісін жабатын достары мен таныстары бар.

Күдікті өзі түсірген видеолар барлық әлеуметтік желілерге «қосылады» деп ашық қорқытты.

Соңында ол ізін жасыруға тырысты. Полиция қызметкерлері оны Қырғызстанға бара жатқан жолда ұстады.

«Мәселені Алматы қаласының полиция және прокуратура басшылары жеке бақылауына алуын өтінемін. Бұл 35 жастағы «жас қыздарды азғындағыш» азамат жазалануы керек», — дейді еріктілер.

Алматы полиция басқармасы кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда