jasqazaq.kz

13 жасар қызының пәктігін сатпақ болған

23 қантар 2018, 17:28

Мәскеуде өз қызының пәктігін сатып байымақ болған ійел ұсталды. Ол «тауарды» жарты миллион рубльге бағалаған деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Екіжақты келісім «Понтон» мейрамханасында жасалуы керек болған. Қатыгез әйел жанына құрбыларын ерте келіпті. Ол «тауары» үшін ақшаны ала бергенде тәртіп сақшыларының қолына түсті.

Ирина Челябинскіде тұратын қызын да мейрамханаға өзімен бірге алып келіпті. Алайда оған ересек азаматпен төсекке жату керектігін қалай түсіндірмек болғаны белгісіз. Әйел өзінің құрбыларымен екі жылдан бері қызының пәктігін сатуды мұқият ойластырып келіпті. Сатып алушыны табуға көмектескендер де осы жанашырлары екен.

Анасы қамауға алынған жасөспірім қазір нағашы әжесінің қолында тұрып жатыр. Ал өз қызына опасыздық жасамақ болған әйел мен оның сыбайластары 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тергеушілер Иринаның екі рет қызын педофилге сатпақ болғанын айтады. Ал таныстары оның мұндай қадамға барғанына сене алар емес.

«Мен Иринаны бірнеше жылдан бері танимын. Ол кейде ақша жоқтығына шағымданатын. Балаларының әкесі оларға ешқандай көмек бермейтін. Ол балаларын қатты жақсы көретін», — дейді Иринаның танысы.

Оқиғаны тексере келе құқық қорғау органдарының маманы Иринаның соңғы уақытта бай әйелдерге еліктеп жүргенін анықтады. Ол қызын сатқан ақшаға қымбат киімдер алып, әдемі жерлерде демалғысы келген көрінеді.

Сондай-ақ Ирина жаңа пәтерге көшуді жоспарлап жүріпті. Ол үшін екі баласымен тұрып жатқан ескі үйін де, қызының пәктігін бағалағандай, жарты миллион рубльге сатпақ болған.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды