jasqazaq.kz

13 жасар бала граната тауып алды

24 мамыр 2021, 14:42

Солтүстік Қазақстан облысында анасымен картоп отырғызып жүрген 13 жастағы бала бақшадан ескі граната тауып алды.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылжар ауданындағы ауылдардың бірінде картоп отырғызу үшін жер қазып жүрген 13 жасар бала тот басқан гранатаға ұқсас зат тауып алған. Қасында жүрген анасына көрсетіп, ол көршісіне апарып көрсетуге кеңес берген. Ер адам қауіпті затты абайлап жерге қойып, бірден полицияға хабарлапты. Жарылғыш затты әкетуге мамандар келгенге дейін, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері граната жатқан жерді қоршауға алып, 500 метрдей радиустағы үйлердің тұрғындарын қауіпсіз жерге эвакуациялады. Қауіпті зат арнайы контейнерге орналастырылып, зерттеуге жіберілді. Кейін граната әскери бөлімнің полигонында жойылады.

«Табылған заттың граната екені анықталды. Біздің болжамымыз бойынша ол Миллс жарықшақты гранатасы. Мұндай жарылғыш зат Бірінші Дүниежүзілік және Азамат соғысында қолданылған. Сыртын тот басқан, таңбасы көрінбейді. Тұтандырғышы болмағанымен, ішіндегі заты қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан осындай ескі қару-жарақ тапқанда тиіспей, полицияға хабар берген жөн», — дейді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде