jasqazaq.kz

13 көлік өртеніп кетті

07 қантар 2021, 13:10

Елордалық өрт сөндірушілер автожуу нысанындағы жалынды сөндірді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Оқыс оқиға бүгін, яғни 7 қаңтар сағат 08: 52-де Нұр-Сұлтан қаласы Есенберлин көшесі, 26/1 мекенжайында орналасқан автокөлік жуу орнында тіркелген. Оның ішінде көлік жанып жатқаны туралы келіп түскен шақыруға Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінен 9 техника мен жеке құрамнан 15 адам жұмылдырылған.

«Өрт сөндірушілер сағат 08:59 шамасында келген бойда «Батыр» көлік жуу орнының екі қабатты ғимаратында көліктер жанып жатқаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша 13 жеңіл автокөлікке зақым келген. Автокөлік жуатын орын автокөліктермен тығыз толтырылғандықтан отты ауыздықтау біраз қиынға соқты, бірақ өрт сөндірушілердің жедел және сауатты іс-қимылының арқасында тілсіз жау сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — дейді министрліктен.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД азаматтарға, ТҚС және басқа да кәсіпорындардың иелеріне қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, тұрмыстық техниканы, электр құрылғысын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтауға, электр сымдарының оқшаулағышы зақымдалған аспаптарды пайдаланбауға кеңес береді.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия