jasqazaq.kz

13 әскеридің өмірін қиған тікұшақ апатына не себеп болды

01 сәуiр 2019, 15:51


Қорғаныс министрлігі Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағының құлауына қатысты болжам жасады. Қазақстанның әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов тікұшақтың құлауына себеп болған 3 негізгі факторды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Авиация генерал-майорының айтуынша, апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағы 1988 жылы құрастылыпты.
«Ол Алматы қаласындағы №405 авиажөндеу зауытында күрделі жөндеуден өтті. Зауыттан шыққаннан кейін тікұшаққа әуеде 2000 сағат немесе 8 жыл ұшу мүмкіндігі беріледі. Бүгінге дейін тікұшақ әуеде 773 сағат ұшқан. Тікұшақта техникалық ақау болмаған. Мемлекеттік комиссия тергеу жүргіп жатқанына байланысты Қазақстанның Қарулы күштеріне тиесілі МИ-8 тікұшақтарының ұшуы тоқтатылды. Апта бойы олар техникалық тексерістен өтеді», — деді Дәурен Қосанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бұған бөлек, Қазақстанның әскери-әуе күштерінің қолбасшысы айтқандай, МИ-8 — посткеңестік елдерде ғана емес, бүкіл әлемде адам ең көп сиятын тікұшақ.
Қызылордадағы тікұшақ апаты: 4 әскеридің денесіне генетикалық сараптама жүргізіліп жатыр
«Бұл – сенімді тікұшақ. Қазір МИ-17 және МИ-171 тікұшағымен бірге МИ-35 жауынгерлік тікұшағын сатып алып жатырмыз», — деді авиация генерал-майоры.
Сөз соңында ол мемлекеттік комиссия тергеу жүргізіп жатқанын атап өтті.
«Барлық себеп сараланып жатыр: техниканың істемей қалуы, адами фактор және метео жағдай. Мен комиссия мүшесі емеспін. Сол себепті пікір білдіруге құқығым жоқ. Қара жәшік мемлекеттік комиссияда. Оны біз тексере алмаймыз. Тергеудің нәтижесі ресми түрде хабарланады», — деп түйіндеді сөзін Дәурен Қосанов.
Еске сала кетсек, 27 наурызда кешке Қызылорда облысы Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесі белгісіз себептермен құлап, түгі қалмай жанып кеткен. Әскери тікұшақтың бортында 13 адам болды, олардың бәрі қаза тапты.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда