jasqazaq.kz

126 көлік қар құрсауынан шығарылды

19 ақпан 2020, 15:49

Солтүстік Қазақстан облысында боран кезінде құтқарушылар бір тәуліктің ішінде 126 көлікті қар құрсауынан шығарып, 245 адамға қол ұшын берді.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше секундына 30 метрге дейін жел тұрып, боран соқты. Қолайсыз ауа райы туралы өңірдің 598 мыңнан астам абонентке sms-хабарлама жіберіліп, сондай-ақ «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы алдын ала ескертілді. Боранда жолдың нашар көрінуіне, көктайғаққа байланысты облыста автокөліктің барлық түрлері үшін Ақжар, Айыртау, Жамбыл, Қызылжар, Ш.Уәлиханов, М. Жұмабаев, Ғ. Мүсірепов, Жамбыл және Шал ақын аудандарында 47 жол учаскесі жабылды. Алайда ескертуге қарамастан жолға шығып кеткендер болды. Қар құрсауында қалғандар үшін облыстық жедел штаб құрылып, «қауырт желі» ашылды. Қызылжар ауданындағы Шаховское елді мекенінің тұрғыны Мария Фелбуш дәрігерге көріну үшін аудан орталығына келген. Екіқабат әйел жұмысын бітіргенше кеш түсіп, боран күшейіп кеткен. Үйдегі төрт баласына асыққан ана жолға шығып, далада қалды. «Жұмыстарымды бітіріп, үйге қайтам деп ойлағам. Боран күшейіп кетті. Жолда қалдым. Құтқарушыларға алғысым шексіз. Қазір мені үйге, төрт балама апара жатыр», — дейді Мария. Мамандардың жедел әрекеті нәтижесінде, қарға батқан 126 техника шығарылып, 220 адам, соның ішінде 19 бала қауіпсіз жерге жеткізілді. Ақтүтек боранда жолда қалған 25 адам құтқарылды.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия