jasqazaq.kz

12 жастағы Абзал Мырзаш мектепті үздік бітіріп шықты (видео)

30 маусым 2017, 14:42

Алматы қаласының тұрғыны Абзал Мырзаш мектеп бағдарламасын жеті жылда толық меңгеріп, 12 жасында мектепті үздік бітіріп шықты, деп хабарлайды Baq.kz Информбюро 31-ге сілтеме жасап.

Вундеркинд бала ҰБТ-дан да жоғары бал алып, жоғарғы оқу орнының студенті де аталғалы отыр. Алайда ақылды баланың ата-анасы білім министрлігіне өкпелі. Өйткені мектепті жеделдетіп бітірген оқушыларға алтын белгі де, қызыл аттестат та берілмейді екен.

Абзалға сырттан қарасаңыз балалармен асыр салып ойнап жүрген қарапайым жасөспірім сияқты. Бірақ оның білім деңгейі өзінен бірнеше жас үлкен балалардан да артық екенін біреу білсе, біреу білмес. Ол болашақта АҚШ-та білім алғысы келетінін айтты.

«Басқа мамандықтар туралы іздеп, IT технологияны таңдадым, ақпараттық технологияны», — дейді ақылды бала.

Абзал дәрігерлер отбасының тұңғышы. Оның білімге деген құштарлығын ата-анасы кішкентай кезінде-ақ байқаған. Ол 3 жасында әріп танып, кітап оқыса, 4 жасында көбейту кестесін жатқа айтқан.

«Жан-жануарлар, астрономия туралы энциклопедиялар, тағы да басқа үлкен адамдарға, мектеп оқушыларына арналған кітаптарды балаға әкеп бердім. Бала оны өздігінен оқып, біле бастады», — дейді Абзалдың әкесі Дәуренбек Нысанов.

Бұл отбасының үш баласы да мектепке 5 жастан барған екен. Бәрі де үздік оқиды. Ал Абзалдың ақылдылығы сонша, бір жылда екі жылдық мектеп бағдарламасын оп-оңай меңгеріп алған. Баланың республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысып, жүлде алған дипломдарында тіпті сан жоқ. Алайда елімізде вундеркинд балаларға көрсетілетін ілтипат аздау сияқты.

«Қала әкімі бүкіл алтын белгі иегерлеріне салтанатты түрде табыстады марапатты. Соны көріп мен қатты қынжылдым. Менің де балам осы балалардың ішінде жүретін еді. Салтанантты түрде ол да алуы керек еді», — дейді оның анасы Жазира Доскеева.

Күзде Абзал студент атанғалы тұр. Қазақ Британ техникалық университеті баланың ҰБТ-дан алған балы грантқа түсуге жетпесе, онда университеттің ішкі грантын бөлеміз деп уәде беріпті. Зерек бала оқу орынын да 1-2 жылда бітіріп шығуы әбден мүмкін.

Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді