jasqazaq.kz

12 жасар қыз сыра мен коктейльді тоқтаусыз ішіп, есінен танып қалды (видео)

09 тамыз 2018, 19:49

  Ресейдің Түмен қаласында алкогольден уланып далада жатқан 12 жасар қызды ауруханаға әкетті.    Алтыншы сынып оқушысы екі күн бойы сыра мен коктейльдерді тоқтаусыз ішіп, есінен танып қалған.

Енді оның қандай жағдайда соншама алкоголь ішіп уланып ауруханаға түскені анықталып жатыр. Жергілікті БАҚ-ның жазуынша, 8-ші тамызда көшедегі адамдар жерде, шөптің үстінде ессіз жатқан қызды көріп, жедел жәрдем шақырған. Жазғы каникулда жүрген қыз құрбыларымен қосылып екі күн бойы сыра мен алкогольді коктейльді тоқтаусыз сіміре берген. Екі сағат қана ұйықтап алған қыздар таң ата тағы да ішімдікке бас қойған. Ақыры мұндай мөлшердегі спирттік ішімдікті көтере алмаған жас ағзасы сыр беріп, қаладағы саябақта жерге гүрс етіп құлап, сол бойы тұра алмай қалған. Ал қасындағы құрбыларының қайда кеткені белгісіз. URA.ru хабарлағандай, Түмен облысында балалар құқығына жауапты өкіл Андрей Степанов полицияға және кәмелетке толмаған жасөспірімдер комитетіне сұрау салдырды. Денсаулық сақтау департаментінде аталмыш оқиға бойынша жедел жәрдем шақыру жергілікті уақытпен сағат 16:30-да жасалғанын айтты. Бес минуттан соң қызды дәрігерлер ауруханаға жеткізген.

КТК

 

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді