jasqazaq.kz

12 жасар алматылық қызды зорлады деген күдікті бостандықта жүр

21 тамыз 2019, 11:10

12 жастағы алматылық қыз өзін анасына қамқорлық жасап жүрген 60 жастағы ер адам зорлады деп мәлімдеген. Сараптама нәтижесі баланың сөздерін растаған, — деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Оның сөзінше, қыздың анасы күдіктіден қарызға ақша сұраған. Ақшаны алуға қызын жіберген. «Мен оның айтқан жері — автожуу орталығына келдім. Кенеттен ол мені көлікке отырғызып, көзілдірік киіп, белгісіз нәрсемен тұмшалап, үнімді өшіруді талап етті. Сосын мені қонақүйге алып келіп, зорлық әрекеттерін жасады. Өте ауыр болды. Егер біреуге айтатын болсам анам мен әжемді өлтіретінін айтты», — дейді жәбірленуші. Жәбірленуші қыз бар жағдайды анасына айтқанымен, көңілдесіне бірден шағым түсірмеген. Себебі туыстарынан ұят болады деп ойлаған. «Мен ол ер адаммен төрт жыл бойы кездесіп жүрмін, жасы 60-та. Ол мұндай әрекетке барады деп мүлдем ойламаппын. Қаржы жағынан үнемі көмектесіп отыратын. Ол қызымды зорлағанын мойындамады. Туыстарым біліп қояды деп ойлап, басында шағым түсірген жоқпын. Тіпті гинекологқа да апарған жоқпын. Жақында бұл туралы әпкеме айттым. Мені шағым түсіруге итермелеген сол», — дейді жәбірленушінің анасы. Шағымды анасы 19 тамыз күні жазған. Сот-медициналық сараптама басталды. «Сот-медициналық сараптаманың нәтижесі әлі дайын емес. Оның алдын ала нәтижесі бойынша жәбірленушіге зорлық әрекеттері шынымен жасалған», — деп хабарлады құқық қорғаушы Кәмшат Есмұханбетқызы. «Оны Алматы қаласының полиция департаментінің тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелді. Алғашқы тергеу шаралары дәл сол күні қолға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта басқа процедуралық іс-шаралар кешені жоспарланған, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процедуралық шешім қабылданады», — деді Алматы қаласындағы ДП ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Күдікті әзірше бостандықта жүр. Егер сараптама нәтижесі зорлық әрекеттерін дәлелдесе, күдікті ұзақ мерзімге қамалуы мүмкін.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда