jasqazaq.kz

12 тонна балық аулаған браконьерлер ұсталды

10 қазан 2018, 11:56

ШҚО-да 12 тонна Заңсыз балық аулаушылардың қылмысын әзірге тек әуеден әшкерелеуде.

Өңірде баламалы өзге бақылау жоқтың қасы. Шығыс Қазақстанның табиғи қорығында 12 тонна балық аулаған браконьерлер құрықталды. Көкпекті мен Күршім аудандарында ерекше қорғаудағы аумақтарда заңсыз балық аулауды кәсіпке айналдырған браконьерлер жыл басынан 12 тонна бағалы балықты заңсыз аулаған. Оңай олжаға кенелгісі келгендерге өңірдегі жылдам жасақталған әуе жасағы тосқауыл қойды. Шығыс Қазақстанның тауларын бірнеше тәуліктен бері әуеден тікұшақтар торуылдап бақылауды күшейткен. Әуе бортында табиғатты қорғау полицейлері мен қатар бірнеше құзырлы орган қызметкерлері бар. Бір сағат ішінде әуедегі назарға Көкпекті ауданында қамыс арасындағы жасырылған браконьерлер қайығы іліккен. Заңсыз балық аулаушылардың қылмысын әзірге тек әуеден әшкерелеуде. Өңірде баламалы өзге бақылау жоқтың қасы. Шығыс Қазақстанда әрбір балық инспекторы 20 шақырым аумақты бақылауда ұстауы тиіс. – Жыл басынан инспекторлардың құқықбұзушылық балық шаруашылығына келтірген 900-ге жуық заңбұзушылық анықталып, тиісті хаттамалар толтырылған. Бүгінде заңсыз тәркіленген балықтардың көлемі 12 тоннаға жетті. Әуеден бақылау жұмыстарының нәтижесі мол. Алайда шығыны көп, – деді ШҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Талғат Рахымжанов. Айта кетсек, жыл басынан бері ШҚО табиғи қорық аумағы мен өзен-су қоймаларынан 900 браконьер ұсталған. Олардан мың шақырымнан аса синтетикалық моно жіптерден жасалған аулар тәркіленген.

ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде