jasqazaq.kz

12 мың теңге үшін зейнеткерді пышақтап өлтірген

24 маусым 2020, 10:21

Қылмыс 2019 жылы Қостанай облысының Денисовка ауылында болған.

Кеше қылмыскер мен оның сыбайласына үкім шығарылды. Өткен жылдың 19 қазанында кешкісін Кенжеболат Құдайбергенов ауылындағы 62 жастағы әйелдің үйіне барған. Зейнеткерден ақша мен спирттік ішімдік сұраған, алайда әйел ешнәрсе бермеген. Осыдан кейін қаскөй оған көптеген пышақ соққысын жасаған. Әйел оқиға орнында көз жұмды, ал қаскүнем үйден 12 мың теңге мен 7 бөтелке арақ алып кеткен. Ер адам қылмыс жасаған кезде мас болған, көшеде оны бөтелкелесі Самат Ақдәулетов күтіп отырған. Ол қылмыс жасалғанын білсе де полицияға хабарламаған. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының қылмыстық істер жөніндегі арнайы соты шешімі бойынша Құдайбергенов кінәлі деп танылды. Қылмыс кезінде ол мас болған, оған қоса басқа қылмыс үшін бұрын өтелмеген мерзім саналған, осының бәрі оның кінәсін ауырлататын мән-жайлар деп танылған. Құдайбергеновке төтенше қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 22 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал, қылмыс туралы хабарламаған Ақдәулетов 4 жылға қатаң режимдегі түрмеге қамалды.

Дереккөз: stan.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия