jasqazaq.kz

12 млн теңге айыппұлы төленбеген көлікпен жүрген әйел ұсталды

21 тамыз 2021, 17:52

Атырауда 12 млн теңге айыппұлы төленбеген көлікпен жүрген әйел ұсталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, патрульдік полиция қызметкерлері мен жеке сот орындаушылар палатасының жеке сот орындаушыларының бірлескен рейдтік іс-шарасында төленбеген айыппұлы бар 30-дан астам автокөліктің иесі анықталған.

«Бұл автокөліктердің иелері жылдамдықты асыру, жол белгісі талаптарын орындамау, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өту қағидаларын бұзғаны үшін «Сергек» камераларына түскен. Патрульдік полиция қызметкерлері Абай көшесі мен Азаттық даңғылының қиылысында «Toyota Camry» автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде 41 жастағы әйелдің басқаруындағы көлік иесінің 12 млн-нан астам теңгені құраған айыппұлы бары анықталды. Жеке сот орындаушысының көлік құралын ұстау туралы қаулысымен автокөлік арнаулы тұраққа қойылды» — дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия