jasqazaq.kz

118 баланы асырап алған әйел қамауға алынды

07 мамыр 2018, 16:56

Хэбэй провинциясы Уань қаласының билігі бүкіл елге миллондаған юань жұмсап, 118 баланы асырап алуымен танымал болған әйелді қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алды. Ал оның жекеменшік балалар үйін жабу туралы қаулы шығарды.

Өзін миллионер деп атаған Ли Лицзюань балаларды 1996 жылдан бері асырап ала бастаған, ал жекеменшік «Махаббат ауылы» балалар үйін 2007 жылы ашыпты. БАҚ-тың апаратынша, әйел 118 баланы бауырына басқан. Қайырымды әйелдің қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында жиі жазылып, соның арқасында ол бүкіл елге танымал болды.
Полицияның мәліметінше, атағы шыққан әйел қайырымдылықты өз мақсатына қолданып, бюджеттен, демеушілерден алған қомақты қаржыны өз пайдасына жаратқан. Полицияның хабарлауынша, әйелге асыранды балаларды жергілікті шенеуніктерге қоқан-лоққы көрсету үшін пайдаланды деген айып тағылып отыр.
Әйел балалар үйі арқылы кабель тартқысы келген компаниядан 70 мың юань, ал қонақ үйлер мен госпитальдан 300 мың юань бопсалаған.
Биліктің ақпаратынша, асыранды балалардың кейбірінің ата-анасы бар. Балалар үйі билікті алдау үшін олардың аты-жөнін пайдаланып, мемлекеттен субсидия алып отырған.

Жыл сайынғы міндетті тексерістен өтпеген мекемені жабу туралы қаулы шыққан соң, билік 74 бүлдіршінді балалар үйінен алып кетті. Cонымен қатар, күдікті әйелге қоғамдық тәртіпті бұзды, ақша бопсалады деген айыптар да тағылып отыр. Полиция әйелдің есепшотындағы 20 мың доллар мен 20 миллион юаньға (3,1 миллион доллар) бұғат қойды. Тексеріс барысында оның меншігінде көптеген жылжымайтын мүлік пен қымбат автокөліктер бары анықталды.
Бұған қоса, балалар үйінде ұрланған бүлдіршіндер де болуы мүмкін деген ақпар тарады. Осыған байланысты полиция жоғалғандар базасынан тексеру үшін балалардан қан үлгісі мен саусақ ізін алды.

sputniknews.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді