jasqazaq.kz

112 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

10 наурыз 2022, 12:07

Қызылорда облысында облыстағы орта білім беру ұйымдарында жалған дипломмен жұмыс істейтін 112 мұғалім әшкере болып, барлығы жұмыстан босатылған.

Бұл туралы Облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова Facebook парақшасында жазды.

«Біз облыстық деңгейде жыл сайын педагогтарды аттестациялау барысында мұғалімдердің портфолиоға жалған құжаттарды салатынын анықтаймыз. Әсіресе, күмән келтіретін құжаттарды (сертификат, грамота) ұлттық біліктілік тестілеудің түпнұсқаға сәйкестігін нақтылау ісін ашық жүргізіп, заңбұзушылықты дер кезінде өзіміз анықтаймыз.

Мәселен, былтыр қаңтар-маусым айларында аттестаттау комиссиясы 863 құжатты қарап, 24 мұғалімнен жалған құжатты байқадық. Ал шілде-желтоқсан аралығында 587 құжат қарап, 14 мұғалім түпнұсқаны дәлелдей алмады. Алайда, әрбір педагогтан түсініктеме алып, жалақыға үстеме төленбеді. Бюджетке шығын келтірмедік», — деп жазды Ақзира Қасымова.

Облыстық білім басқармасы басшысының айтуынша, кәсіпті игермей, дипломды қолдан жасап жүргендер білім беру қызметкерлерінің абыройына нұқсан түсіреді.

«Жоғары оқу орындарына сұрау салу мониторингі нәтижесінде облыс бойынша жалған дипломмен 112 дерегі анықталған. Ол бойынша құзырлы органға ұсыным жолданды», — деді Қасымова.

Полицейлер қолдарында жалған диплом жасау мен пайдалануға қатысты бірқатар қылмыстық істер бар екенін айтты. Оларды тергеп жатыр.

«Қылмыстық істер бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Tengrinews.kz

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр