jasqazaq.kz

11 жастағы оқушыдан коронавирус анықталды

01 қазан 2020, 13:30

Шымкенттегі 11 жастағы оқушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы білім басқармасының басшылығы өткізген брифингте мәлім болды. 

Басқарма басшылығының мәліметінше, індет жұқтырған бала қаладағы №54 мектепте 5 сыныпта қашықтан оқиды.

«Ата-аналардың өтінішін қарайтын боламыз. Соның негізінде шешім шығарылады. Қазір мектептердегі сыныптарда барлық санитарлық талаптар сақталып отыр. Қазан айынан бастап кезекші сыныптар саны азаюы мүмкін»,- дейді қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

Қазір қаладағы оқушылардың 22 пайызы ата-аналардың өтініші бойынша дәстүрлі білім беру жүйесімен оқиды. Қалғаны қашықтан білім алып жүр. Десе де пандемияға байланысты үйде оқуға мәжбүр болған балалардың қажеттіліктері әлі күнге толықтай шешілмеген. Шәкірттердің 31 мыңнан астамы интернетке, 37 мыңдайы компьютерге мұқтаж.

Қазір оқушыларға тарталыған компьютерлердің саны 33 840.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия