jasqazaq.kz

11 жасар бала кішкентай қызды педофилден құтқарып қалды

01 қыркүйек 2017, 9:24

 11 жасар Ақжол Сансызбай жасөспірім кішкентай қызды педофилден құтқарып қалды. Ол «Батыс» өңірлік қолбасшылығының офицері, запастағы подполковник болып шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап,  Stan.kz хабарлайды.

20170831183137

Оқыс оқиға 27 тамызда шамамен сағат 15.30-да болған. Серуендеп жүрген бала үлкен ер азаматтың кішкентай қызды құрылыс алаңына сүйреп бара жатқанын байқап қалған. Осы сәтте Ақжол шошып қалғанына қарамастан, оқиғаға басқа үлкендердің назарын аударып үлгерді. Осылайша қаскүнем 15 минуттан кейін ұсталды. Ол 1995 жылғы Ақтөбе қаласының тумасы болып шықты. Қазір ол уақытша тергеу оқшаулағышына қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 124-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

29 тамыз күні Ақжол Сансызбай Маңғыстау облысының ішкі істер департаментіне шақыртылып, құрмет грамотасымен марапатталды. Мұнымен қатар, оған ноутбук және ерлігі үшін ерекшелеу белгісі табысталды. «Ақжол кішкентай кезінен белсенді, қайырымды әрі зерек болып өсті. Алайда, мұндай ерлікті мен өз ұлымнан күткен жоқпын», – деді Ақжолдың әкесі Нұрмахан Нұрманов. Офицердің ұлы, педофилдің құрбаны бола жаздаған қыздың орнында жақындары немесе таныс адамдарының бірі болуы мүмкін екендігін айтты. «Мен еліміздің  үлкен-кіші азаматтарының барлығын өзінің азаматтық борышын ұмытпауға шақырамын», – дейді Ақжол.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде