jasqazaq.kz

11 сотталушы АИТВ инфекциясын жұқтырды

31 қантар 2020, 15:50

Қазіргі таңда тергеушілер сотталғандардың АИТВ инфекциясын қалай жұқтырғанын анықтауда. Болжам бойынша сотталғандар есірткі заттарын пайдалану кезінде инфекция жұқтырылған шприц пайдаланған.

Долинка кентінде орналасқан АК 159/20 түзету мекемесінде АИТВ жұқтырудың 11 фактісі анықталды. Аталмыш ерлер колониясында ауыр емес қылмыс жасаған сотталғандар жазасын өтейді. Қазіргі таңда істі полиция мамандары тергеп жатыр. Тергеушілер бас бостандығын айырылғандар инфекцияны қалай жұқтырғанын анықтайды. Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында сотталғандар инфекцияны шприц арқылы жұқтырғанын хабарлады. «Бүгінгі таңда сотталғандар арасында АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі анықталды. Барлық сотталушы жұмысқа орналастырылған. Ауру колониядан тыс, олар жұмыс істеген жерде жұқққан. Инфекция абайсызда инъекция арқылы таралған», — деп түсіндірді Қарағанды облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Мария Нұртазина. ҚАЖ департаментінде бұл оқиғаны полиция тергейді деп хабарлады. «Дереу қызметтік тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс қозғау мақсатында материалдар Шахтинск қаласының полиция бөліміне тапсырылды. Қазіргі уақытта аталған факті аясында сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижесі бойынша оқиғаның себебі анықталады»,- деді Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілі.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия