jasqazaq.kz

11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

12 сәуiр 2022, 21:41

Қазгидромет 13 сәуірде еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Ақтөбе облысының шығысында түнде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан және күндіз батыстан екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау облысының батысында және шығысында найзағай, шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.

13 сәуірде күндіз Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Жел шығыстан соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с. 1

3 сәуірде Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады. Жел облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдыққа жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Алматы облысында түнде және таңертен оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында, күндіз шығысында найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында 18-23, екпіні 29 м/с.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде