jasqazaq.kz

11 оқушы уланып ауруханаға түсті

13 желтоқсан 2018, 15:56

Алматы облысында оқушылар химия пәнінен соң бастары айналып, өздерін нашар сезінген. Балаларды ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

12 желтоқсанда 11 бала уланып қалды. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылында болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалардың іші ауырып, жүрегі айнып, басы айналған. Сыныпта химия сабағы кезінде жаман иіс болғанын барлық оқушы айтқан. Бір қыздың миынан церебральды қыртыстың патологиялық дамуы байқалды.

Оқушыларға алғашқы көмек көрсетіліп, аудандық ауруханаға жеткізілді.

“Бұл белгілер екінші сабақта, математика пәні кезінде байқалды. Балалар химия сабағында фосформен жұмыс істеген. Олардан соң басқа сыныптағылар осындай тәжірибе жүргізді. Бірақ олардан ешқандай улану белгісі байқалған жоқ”, – дейді мектеп директоры.

Қазір 11 баланың улану оқиғасы тексерілуде.

Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады