jasqazaq.kz

11 матчта жеңіліс көрмеген Мессидің командасы «Ниццадан» ұтылды

01 ақпан 2022, 10:42

ПСЖ Франция кубогінің 1/8 финалында жарыстан шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Ниццамен» кездескен Маурисио Почеттино ойыншылары негізгі уақытта қарсыласымен 0:0 есебін тіркеп, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Нәтижесінде париждіктер тарапынан Леандро Паредес пен 18 жастағы Хави Симонс 11 метрлік айып добын орындауда мүлт кетті. Осылайша барлық турнирді қоса алғанда қатарынан 11 кездесуде жеңіліс көрмеген ПСЖ кубокте сүрініп отыр. Еске салайық, өткен жылы Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси париждіктер сапына ауысқан болатын. Ол осы уақыт аралығында 18 ойында 6 гол соқты. Әзірге ПСЖ ішкі чемпионатта 53 ұпаймен жеке-дара көш бастап келеді. Екінші орынға 43 балл жинаған «Ницца» клубы жайғасқан.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде