jasqazaq.kz

11 қазақстандық азамат Түркиядан елге орала алмай жатыр

29 шiлде 2018, 15:09

11 қазақстандық азамат Түркияға еркін келіп, әрі қарай Қазақстанға жете алмай отыр.

Олар жұмыс істеу үшін Израильге бармақ болған. Алайда олардың құжатын жасаған компания олармен байланысқа шықпай қойған. Азаматтарымыз бір айдан бері олармен хабарласа алмауда. Өз ақшасын да қайтара алмай отыр.

Қазақстанның әр өңірінен 12 азамат Түркия арқылы Израильге аттанған. Олардың әрқайсысы екі мың доллардан төлеген. Оларды Анталияда қонақ үйге орналастырды. Кейін шекара жабық екенін айтып, күтуін сұрайды. Одан бері бір ай өтті.

««Key English» компаниясы жұмыс беруге уәде етті. Бір жарым жылға келісім жасадық. Агенттікте виза мен келісімнің дайын екенін айтты. Бірақ хат-хабар жоқ. Қазақстанға қайтуға да, тамақ алуға да ақша жоқ. Ертең бізді жер аударады», – дейді Маман Жүсіпов.

Алматылық Шәріпбай Рахманов өз ақшасына билет алып елге келген жалғыз адам. Ол компания кеңсесіне барған. Ондағыла компанияға еш шағымы жоқ екенін айтып, қолхат алған. Сол кезде 600 мың доллары қайтаратынын айтқан.

«Олар қалған соманы шығындар өтелген соң қайтаруға уәде етті. Бірақ онда қалғандар бұл талаппен келіспейді. Олар сол елге бару үшін несие алған. Мен қағазға қол қойдым. Бірақ тек 100 мың теңге ғана берді», – дейді Шәріпбай Рахманов.

Компани өкілдері журналистер мен клиенттеріне айқайлады. Басшылығы орнында болмады.

Кейіннен агенттік басшысы байланысқы шығып, келесі аптада шағымданушыларға әуе билетке ақша аударатынын айтты.Айтуынша, бір күн бұрын ғана сұралым жіберген. Уақыт сәйкессіздігінен банкте жұмыс уақыты тоқтап қалған. Ал, екі қазақстандық қаржы институтының бірігуіне байланысты ақша көп күттіріпті.

СІМ мен елшілікте Қазақстанның құқық қорғау органына хабарласуға кеңес берді. Олар шекарадан тыс елде еңбек ету келісімін тексереді.

«Құжат Қазақстан аумағында жасалған. Алаяқтық ісі Қазақстанда болған. Сондықтан бұл іске қатысты компанияны Қазақстанда сотқа бере алады», – дейді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров.

Туристердің туыстары полицияға шағымданып үлгеген. Іс қаралып жатыр. Олар неден үміттенерін білмейді. Қолында тек туристік агенттікпен келісімі ғана бар.

stan.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді