jasqazaq.kz

11 адамның өліміне кінәлі жүргізуші сотталды

06 қараша 2019, 11:58

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы бірнеше көлік соқтығысқан жол апаты кезінде он бір жолаушының өліміне кінәлі деп танылған автобус жүргізушісі сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Жүргізуші ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен, яғни, көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан бұзуы бойынша айыпталды. «Қордай аудандық соты жүргізушінің шынайы өкінгенін, тұрғылықты жері бойынша жақсы мінездемесі бар болғанын, бұрын сотталмағандығын қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға жатқыза отырып, сондай-ақ оның іс-әрекетін ауырлататын мән-жайлардың болмауын есепке алды», — делінген ведомство хабарламасында. Сот жүргізушіні 5 жылға бас бостандығынан айырып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады. Одан жәбірленушілер үшін өтемақы қорына 15 АЕК міндетті төлем өндіріледі. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, 20 сәуірде сағат таңғы 05.00 шамасында «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолында «Тойота-Камри» маркілі автокөліктің жүргізушісі «Мерседес-Бенц 814» маркілі автокөлікпен соқтығысқан. Осыдан кейін «Тойота-Камри» жол қауіпсіздігінің темір қоршауына тіреліп тоқтайды. Сол бағытта жүріп келе жатқан «Wan Hool» автобусы «Тойота-Камри» автокөлігіне келіп соғылады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда