jasqazaq.kz

11 адам діни алауыздық тудырды деген күдікпен ұсталды

16 қараша 2017, 15:27

Оңтүстік Қазақстан облысында терроризмді насихаттап, діни алауыздық тудырды деген күдікпен 11 адам ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

«16 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мен ішкі істер органдары бірлесе жүргізген операция аясында Сайрам ауданы мен Шымкент қаласының 11 тұрғыны терроризмді насихаттап, діни алауыздық тудырды деген күдікпен ұсталды», — деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Ұсталған адамдар «ДАИШ» пен өзге халықаралық террористік ұйымдардың экстремистік идеологиясын үгіттейтін материалдарды «Whatsapp», «Telegram» мессенджерлері мен әлеуметтік желілер арқылы жүйелі түрде таратып отырған.

«Экстремистік материалдар жалпы саны 400-ден астам адамды қамтитын 24 желілік топта орналастырылған. Тергеу және басқа да іс-шаралар жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

sputniknews.kz

Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті