jasqazaq.kz

1000 теңгелік банкноттың жарамдылық мерзімі таяуда ақталады

10 ақпан 2021, 13:42

Ұлттық банк өз филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау мерзімі яқталып қалғанын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2021 жылы 3 наурызда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады.

«2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталды, енді ол 2021 жылдың 3 наурызына дейін жалғасады. Көрсетілген мерзімнен кейін Ұлттық банктің филиалдары аталған банкноттарды қабылдау мен айырбастауды тоқтатады», — делінген хабарламада.
Банкноттарды қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық банктің филиалдарында жүзеге асырылады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық банктің 1477 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия