jasqazaq.kz

100 жаңа есім: Шыңдарды бағындырған тұңғыш қазақ

05 қараша 2017, 12:43


Мақсұт Жұмаев – әлемдегі барлық «сегізмыңдық» шыңдарды оттегі құралынсыз бағындырған тұңғыш қазақ. Мұндай үлкен қатерге бас тіккен әлемдегі 12 альпинистің бірі. Әлемдік деңгейде жетістікке жеткен санаулы алыптың бірі.

Мақсұт – Қазақстан альпинисттер құрамының капитаны, Қазақстан альпинизм спортына еңбегі сіңген шебер, бірнеше дүркін чемпионы және альпинизмде жоғарғы санаттағы ТМО-ның ашық чемпионатының жүлдегері (2001-2003).

El.kz сайты хабарлағандай, М.Жұмаев 1977 жылы 1 желтоқсанда батыс Қазақстан облысы, Федоровка ауылында дүниеге келген. Мақсұт – аудан басшысы мен дәрігердің отбасында өмірге келген үшінші бала. Орта мектепті Ақжайық ауданының Чапаев ауылында тәмамдады. Батыс Қазақстан аграрлық университетінің ветеринария факультетін бітірген.
Әлемде биіктігі 8 000 метрден асатын не бары 14 тау болса, соның 14-не де Мақсұттың табаны тиген. Барлық 14 тауға да қосымша кислород қолданбай, гидтер мен тасымалдаушылардың көмегінсіз шыққан. Мақсұт Жұмаев – қосымша кислород қолданбай Эверестке және К2 «Чогориге» шыққан бірінші және жалғыз қазақ. 2011 жылдың 14 желтоқсан күні «Құрмет» орденімен марапатталды.

Ол – Қазақстандық Әуесқой Триатлон Федерациясының вице-президенті, ҚР альпинистер құрамасының капитаны. Қазақстанның биіктік сыныбындағы альпинизм бойынша бірнеше мәрте жүлдегері және чемпионы. Биіктік сыныбындағы альпинизм бойынша ТМД ашық біріншілігінің чемпионы және жүлдегері (2001, 2002). Альпинизм бойынша ҚР ашық біріншілігінің чемпионы (2001). 5-ші және 6-шы күрделілік дәрежесіндегі 20-дан астам өрлеуді жасаған (2001-2008). «Қар барысы» бағдарламасын орындау барысында бұрынғы КСРО аумағындағы ең биік 5 шыңның 2-ін бағындырған: Хан-Тәңірі (7 010 м) — 2 рет (2000); Мәрмәрлі қабырға (6 435 м) — қыс маусымында Шекарашы 5А шыңы арқылы шыққан (2001); Хан-Тәңірі тәжі — 5Б батыс тіреужарындағы 6-шы мұнара (2001); Ленин (7 142 м) — (2002). Альпинизмнен ҚР ашық біріншілігінің чемпионы (2001); Амангелді шыңына шапшаң өрмелеу жарысының жүлдегері (3 999 м.), биіктік айырмасы — 2 400-3 970 м (2000-2001); Комсомол шыңына жылдам шығу жүлдегері (4 376 м), биіктік айырмасы — 2 300-4 376 м (2000). Халықаралық кластағы спорт шебері.

Ол әлемдегі ең биік шың – Эвересті бағындырған санаулы саңлақтардың бірі. Әлемде биіктігі 8 000 метрден асатын 14 таудың барлығын бағындырған. Әрі бұларға шыққан ең жас және ең қысқа мерзімде бағындырған альпинист. 20 жылға жуық альпинизммен айналысқан отандасымыз бүгінде әскери салада қызмет етеді.

Отбасында 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыған үлгілі әке.

Бүгін, 15:00
Аким Туркестанской области встретился с президентом компании "Magister Art" Ренато Сапорито
Бүгін, 14:38
Туркестан: Ведется масштабная работа по улучшению дорожной инфраструктуры
Бүгін, 14:30
Туркестан: Социальные объекты - на благо населения
Бүгін, 14:16
Туркестан: В Жетысайском районе завершаются работы по восстановлению вертикального дренажа
Бүгін, 14:14
Туркестан: В Тюлькубасе прошел республиканский конкурс молодежного творчества
08 мамыр, 14:51
4 завода по переработке водосберегающих технологий расположены в Туркестанской области
07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды