jasqazaq.kz

«100 жаңа есім»: Қазақ тілінде мультфильм құрастырған ару

13 желтоқсан 2017, 15:53


Сымбат Нұртазақызы – ешқандай артық шығынсыз-ақ балаларға арналған қазақ тіліндегі дамытушы мультфильмдер құрастырған жас маман. Аудармашы, психолог.
Сымбат 2008 жылы парсы тілі бойынша Орта Азиялық олимпиадада І-орын алған. «Педагогикалық ізденіс» ғылыми-әдістемелік журналының редакция алқасының мүшесі. Сымбат тілінде мүкістігі бар балаларға арналған бірнеше мультфильмдердің авторы. Мәселен, «Дыбыстарды машықтандыру», «Көңілді түстер» деп аталса, «Логоритмика» әдістемелік құралы сондай-ақ «Компьютерлік психодиагностика» атты жасөспірімдер арасындағы психологиялық өзгерістерді анықтауға арналған жобаның авторы. «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) жобасының координаторы.
100esim.el.kz сайты хабарлағандай, Сымбат Нұртазақызы 1988 жылы 10 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар мен Әлем тілдер университетінде 2005-2009 жылы «филология» мамандығы бойынша, 2007 жылы Иран мемлекетінің «Таботабои» университетінде арнайы біліктілік арттыру курсында білім алды. 2007-2009 жылдары Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігінде аудармашы қызметін атқарды. 2009-2011 жылдары «ілеспе аудармашы» мамандығы бойынша магистратурада білімін шыңдады. 2012 жылдан бастап Қызылорда облысының білім басқармасы жанындағы облыстық оқу орталығында «Әлеуметтік педагогикалық қызмет» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда.
2016 жылы Испания мемлекеті, Овьедо қаласында өткізілген 16-шы «Суицид және суицидалды әрекет» тақырыбында Европалық симпозиумында «Қазақстандағы кәмелетке толмағандар арасында суицидтердің алдын-алу: Қызылорда облысының тәжірибесі» тақырыбында Қазақстаннан тұңғыш баяндама жасап, өз тәжірибесін әлем сарапшыларымен бөлісті.
Сымбат Әбдрахманова ешқандай артық шығынсыз-ақ балаларға арналған дамытушы мультфильмдер құрастырады. Және ол баланың ақыл-ойын дамытуға арналған мультипликациялық өнімдердің қазақ тілінде дайындалуына күш салып отыр. Бүгінде арнайы дайындалған мульфильмдерді кез-келген тұрғын облыстық білім басқармасының Ютуб каналына өту арқылы жүктеп, қолдана алады.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды