jasqazaq.kz

100 теңге үшін базарда төбелес болды (видео)

30 наурыз 2021, 18:24

Алматы маңында орналасқан «Алтын Орда» базарында тұраққа ақша жинайтын жігіт пен жүргізуші төбелесті.

Жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тарады. «Видео авторының айтуынша, 30 наурыз күні таңғы сағат 9:10-да «Алтын Орда» базарына келген кезде олардан көлік тұрақшысына ұқсайтын адам тұрақ үшін 100 теңге сұраған. Бірақ жүргізуші қолма-қол ақша болмағандықтан Kaspi қосымшасына аударғысы келетінін айтқан. Тұрақшы бас тартып, көліктің иесін қуып шығуға тырысқан көрінеді. Салдарынан төбелес басталған» дейді видеожазбадағы адам. Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға бүгін таңертең, яғни 30 наурызда «Алтын Орда» базарында сағат 09:10 шамасында болған. «Аталған дерек әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталды. Оқиға орнына Қарасай аудандық ПБ жедел тергеу тобы шықты. Дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бейнежазбаның барлық қатысушылары анықталды. Қылмыстық іс бойынша тергеу барысында екі тараптан да жауап алынады»,- деп хабарлады полициядан.

https://youtu.be/aLrgfa5OOoo

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оқиғаның барлық фактілері, себептері мен мән-жайы анықталады. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия