jasqazaq.kz

100 миллион доллардан аса қаржы бұғатталды

28 қантар 2019, 14:33

Шетелде қазақстандықтардың қылмыстық жолмен алынған 100 млн доллардан астам қаражаты бұғатталды. Бұл жайында «Казахстанская правда» газетіне сұхбат берген ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров атап өткен.

«Өткен жылдың өзінде ғана сотталғандарды қайтару, беру және құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша Бразилия, Моңғолия, Араб Әмірліктері, Украина елдерімен 7 келісімшартқа қол қойылды. Толықтай алғанда, алыс шет мемлекеттермен 63 екіжақты келісімшарт жасалған. ҚазАқпарат хабарлағандай, аталған келісімшарттардың арқасында 2018 жылы Қазақстан шетел мемлекеттеріне 123 қылмыскерді қайтарып, шетелден 70 адамды экстрадициялады», — деді ол. Мәселен, Бас прокурордың дерегінше, өткен жылы адам өлтірген Н.Есенаманов пен Р.Нажаев Қырғызстаннан, лаңкестік қылмысқа қатысы бар Е.Күншығаров Түркиядан, Ақтөбе облысында автобуста 52 адамның өртеніп кету оқиғасына қатысты О.Мехтиев Өзбекстаннан Қазақстанға жеткізілді. Екіжақты келісімшарт болмаса да өткен жылы бірқатар мемлекеттен қылмыскерлер елге жеткізілді. Атап айтқанда, Грекия лаңкестік қылмысқа қатысы бар Д.Хайсинді, Германия ірі көлемде алаяқтық жасаған Б. Ибрагимов пен Х.Изгияевты және психотропты заттар контрабандасымен айналысқан Г.Леладзені Қазақстанға қайтарған. «Шетелде қылмыстық жолмен алынған 100 млн доллардан астам сома анықталып, бұғатталды. Бұл жұмыстар жалғаса береді. Ағымдағы жылы мұндай келісімшартты Оңтүстік Корея, Куба, Грекия және Македониямен арада қол қоюды жоспарлап отырмыз», — деді Қайрат Қожамжаров.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде