jasqazaq.kz

100 метрлік туннельге түсіп кеткен нәрестенің денесі шығарылды

26 қантар 2019, 11:36

Испанияның Малага провинциясында 12 күн бұрын терең құдыққа түсіп кеткен екі жасар баланың денесі шығарылды, — деп хабарлайды РИА Новости Pais басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, құтқарушылар баланың денесін сенбіде, 26 қаңтарда, шамамен түнгі 01:25-те (Астана уақытымен 06:25-те) тапқан. Сәбидің ата-анасына суық хабар жеткізілді.

13 қаңтарда Юлен Розелло есімді бала диаметрі 25 сантиметр және тереңдігі 100 метрден асатын туннельге түсіп кеткен. Су іздеу үшін қазылған ұңғыманы қараусыз қалдырған.

Сол күннен бастап Тоталан муниципалитетінде баланы құтқару операциясы басталды. Мұны бүкіл ел болып бақылап отырды. 300-ден аса құтқарушы мен Азаматтық гвардия қызметкерлері жұмылды, көптеген техника тартылды. Соңына дейін баланың тірі не өлі екені белгісіз болған. Баланың ата-анасы бұрындары тағы бір баласынан айырылған — ол өткен жылы үш жасында қайтыс болған.

tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық