jasqazaq.kz

100 кітап сыйға тартылды

09 қыркүйек 2021, 17:02

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Сұңқар» студенттер және магистранттар кәсіподағы Тілдер мерекесіне орай «100 кітапты иелен!» атты акция өткізді. Тілдер апталығы аясында университет қалашығы аумағында өткізілген шараға студенттермен қатар, оқытушы-профессорлар да атсалысты.

Акция барысында тілдер және оның тарихы туралы түрлі сұрақтарға дұрыс жауап бергенқатысушыларға Әл-Фараби мен Абай кітаптары сыйға тартылды.

Филология факультеті «Сұңқар» студенттер кәсіподағының төрағасы Дидар Құрман Тілдер мерекесіне арналған шараның биыл форматы өзгергенін жеткізді. Ол: «Біздің ұйым жыл сайын Қазақстан халқы тілдері күніне орай түрлі шаралар өткізеді. Өткен жылдары бауырсақ-пати ұйымдастырсақ, бұл жолы «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген аса бағалы кітаптарды ұсынуды жөн көрдік. Қатысушы жастар сұрақтардан бөлек, тіл туралы көптеген мақал-мәтел, нақыл сөздерді білетінімен қуантты», – дейді.

Шараға қатысқан университеттің 3-курс студенті Ғанибет Есетова жастарды ана тілін құрметтеуге және кітап оқуға ынталандыратын мұндай шараларды қолдайтынын білдірді. «Мен тіл туралы сұрақтарға жауап беріп, Әл-Фараби мен Абай шығармаларын ұтып алдым. Қолыма аса құнды кітаптардың түскеніне қуаныштымын. «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» деген сөз бар. Жастарға ой салар осындай пайдалы шаралар көп болғанын қалаймын» деген пікірімен бөлісті.

27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды