jasqazaq.kz

100-ден астам жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

21 ақпан 2020, 14:58

Елордада «Борышкер» жедел-алдын алу шарасы барысында полицейлер 100-ден астам жол ережесін бұзған жүргізушіні ұстады. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 5 ақпаннан бастап полиция қызметкерлері жеке сот орындаушыларының, мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен борышкерлерді, алимент төлемегендерді анықтап, оларға айыппұл төлеу туралы хабарлама береді. «Борышкер» жедел-алдын алу шарасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша шешімдер мен бұйрықтардың орындалуын бақылау мақсатында өткізіледі. Бейнебақылау камераларының көмегімен және электронды планшеттерді қолдану арқылы әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлер, жалған нөмірі бар, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлғалар, т.б. анықталады. Жедел-алдын алу шарасын өткізу кезінде полиция қарызы шамамен 58 миллион теңге сомасында болатын 8 755 хабарлама бойынша қала тұрғындарын анықтады. Жалпы алғанда, жедел-алдын алу шарасы басталғаннан бері коммуналдық тұраққа 100-ден астам автомобиль қойылды. Олардың ішінде 88 жүргізуші тиісті құжаттары жоқ автокөліктерді жүргізген, жалған нөмірлері бар 5 жүргізушінің көлігі және түрлі сот шектеулері бар 5 автокөлік бар. Көлік құралын қайта жабдықтап жүргізгені үшін 3 көлік коммуналдық тұраққа қамалды. Патрульдеу барысында, полиция қызметкерлері «RANGE ROVER» маркалы автокөлігін ұстады, оның жүргізушісі сақтандыру полисінсіз автокөлік жүргізген. Сонымен қатар, оның «Сергек» камерасымен жалпы сомасы 1,5 млн.теңгеге жуық болатын 100-ден астам заңбұзушылық жасағаны анықталған. Оның ішінде жүргізуші жалпы сомасы 926 675 теңгені 69 заңбұзушылық үшін ғана төлеген. Көлік коммуналдық тұраққа жіберілді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия