jasqazaq.kz

100-ден астам ірі қараны ұрлағандар ұсталды

13 желтоқсан 2018, 19:22

Батыс Қазақстан облысында 100-ден астам мал ұрлаған барымташылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ұйымдасқан қылмыстық топ 2015 жылдан бері Қаратөбе ауданы аумағында мал ұрлаумен айналысқан. Сол мезгілден бері әккі ұрылар 100-ден астам ірі қара мен жылқыны қолды қылған. Сот қаулысымен топ мүшелері қамауға алынды. БҚО полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес (ұрлық) 20-дан астам эпизод бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Айта кетейік, «Мал ұрлығы» республикалық жедел-алдын алу шарасы барысында 5-7 желтоқсан аралығында облыс аумағында 40 мал ұрлығы ашылды. Соның ішінде 17-сі ізі суымай ашылса, соншасы — бұрын жасалған қылмыстар. Ал төртеуінің тарихы өткен жылдарға кетеді. Қысқы соғым кезінде мал ұрлығының жиілейтіні белгілі. Департамент криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Арыстановтың сөзіне қарағанда, ұрлыққа жол бермеу үшін малды көзден таса қалдырмау қажет. Жайылымда жүрген малды бақылау үшін GPS-трекер құрылғысын орнатқан тиімді.

Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады