jasqazaq.kz

100-ден аса адам шақырып, той жасаған тұрғын жазаланды

28 шiлде 2020, 10:00

Маңғыстау облысы Қарақия ауданының тұрғыны өз үйінің ауласында үйлену тойын өткізген. Бұл туралы  Polisia.kz хабарлады.

Белгілі болғандай, салтанатты шараға 100-ден астам адам жиналған. Аймақтың бас санитарлық дәрігерінің қатаң шектеу шараларын енгізу туралы қаулысына сәйкес, адамдар көп жиналатын мұндай шараларға тыйым салынған.

Карантин талаптарын бұзған үй иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 462-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материал процессуалдық шешім қабылдануы үшін аудандық сотқа жіберілді.

Маңғыстау полициясы тұрғындар мен қонақтарды карантин шараларын қатаң сақтауға шақырады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде